ЗАҢ КӨМЕГІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Құқықтық ақпарат беру

Бұл – Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну.

Бұл заң көмегі бойынша заңгер Сіздің құқықтарыңызды қозғайтын кез келген заңның, қаулының немесе басқа да құқықтық актінің нормасын түсінікті қарапайым тілмен жеткізеді.

Құқықтық консультация беру

Бұл – ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетілетін, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты заң көмегінің түрі.

Құқықтық ақпарат беруден негізгі айырмашылығы – заңгер заң көмегін көрсету кезінде кеңірек амалдарды қолданады. Бұл жерде заңгер шығармашылық жұмыспен айналысады. Сіз заңгерден мақсаттарыңызға жетуге бағытталған интеллектуалды өнімді аласыз. Мысалы, барлық фактілер, құқықтар мен мүдделерді ескеретін дұрыс жазылған шағым болашақтағы қауіптер мен тәуекелдердің алдын алады. Ілеспе сұрақтардан жүйкеңіз бен уақытыңызды сақтайды. Сонымен қатар, төмен сапалы құқықтық консультация беру бір істі бірнеше рет істететінін естен шығармаған жөн.

Мүдделерін соттарда қорғау және өкілдік ету

Жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және өкілдік ету.

Бұл заң көмегі нені қамтитыны атауынан түсінікті. Дегенмен, соттардағы қорғау және өкілдік ету қызметі басқа ұйымдардағы өкілдіктен қатты ерекшеленеді. Сізге сотта литигатор қажет. Литигатордың кім екенің Пайдалы ақпарат парақшасындағы біздің мақаладан оқып біліңіз.

ELS – Enhanced Legal Services

Кеңейтілген құқықтық қызметтер

Бұл заң қызметі алдыңғы заң қызметтерін қосады, бірақ бұнымен шектелмейді. Біздің командамыз кез келген қиындық деңгейдегі құқықтық ситуациядан оң нәтижемен шығу үшін кешенді және жанжақты анализді жүргізу арқылы көптеген басқару және басқа да шешімдерді қабылдау бойынша стратегиялық және тактикалық құқықтық кеңесті бере алады. Бұндай қызметке әртүрлі қалаларда талап-арыздарды беру, кешенді халықаралық коммерциялық контрактілерді жасасу және оларды орындау бойынша заң көмегі кіруі мүмкін. Жосықсыз бәсекелестік әрекеттері мен нарықтық тұрақсыздықтарға сыртқы және ішкі корпоративтік жедел шешімдерді қабылдау бойынша заң көмегі де кеңейтілген құқықтық қызметке жатады.

Сонымен қатар, бұл қызметтер бизнеске толық құқықтық сүйемелдеу контракттісі аясында жүзеге асырылуы мүмкін.