ҚҰҚЫҚ САЛАЛАРЫ

Біздің компания ұлттық және халықаралық деңгейде әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша сапалы заң көмегін көрсетеді

Коммерциялық құқық


Заң сұрақтары бизнесті жүргізудің кез келген сатысында туындайды. Кез келген коммерциялық цикл сауатты заң амалдарын қажет етеді. Ондай амалдар жоқ жерде Сіздің бизнесіңізге қауіптер мен тәуекелдер төніп тұрады. Осындай жағымсыз салдарды болдырмас үшін Коммерциялық құқық бизнесмендерге басқа бизнесмендермен әртүрлі мәмілелер жасасуға жақсы құқықтық ортаны қалыптастырады. Жоспарланбаған бизнес жағдайлардың алдын алады.

Біз Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді сақтайтын келісім-шарттарды жасасуға, олардың сараптамасын жүргізуге көмектесе аламыз. Сонымен қатар, Сіздің құқықтық артықшылықтарыңыз бен потенциалды тәуекелдеріңіз бойынша консультация бере аламыз. Даулар туындаған жағдайда Сіздің қажеттіліктеріңіз мұқият зерттеліп, барлық қажетті құжаттар дайындалады, қосымша ақпарат жинақталады, фактілер мен қорлар зерделенеді. Сіздің позицияңызды қорғайтын қажетті арыздар дайындалады, сотқа немесе арбитражға баратын істер бойынша құнды аргументтер ұтысты қолданылады.

Медиа құқығы


Медиа құқығы келесідей салалармен тығыз байланысты: телерадио хабарларын тарату, баспа ісі, музыка, кинофильм, телекөрсетілім, цифрлы бұқаралық ақпарат құралдары, жарнамалау, маркетинг және авторлық құқық. Осы салалар бойынша Сізге кез келген контрактілерді жасасуға көмектесе аламыз, бар контрактілер бойынша консультация бере аламыз.
Бұндай контрактілер жарнама агенттіктерімен немесе белгілі бір бейнені не музыканы қолдануға қатысты, интеллектуалды құқықпен тығыз байланысты болуы мүмкін.

Егер Сіз хабар тарататын компания, киностудия, баспашы, жарнама агенттігі, жарнамаға араласқан үлкен бренд, банк, инвестор, әртіс, музыкант, журналист болсаңыз, біздің заң қызметтері Сіздің бизнесіңіз бен мүдделеріңізді қорғауға және дамытуға көмектесе алады.

Бәсекелестік құқығы


Біздің заңгерлер әр түрлі саладағы жосықсыз бәсекелестік мәселелері бойынша практикалық шешімдер мен құқықтық консультациялар бере алады. Бұл салалар келесіні қосады, бірақ бұнымен шектелмейді: мұнай-газ өндірісі, фармацевтика, денсаулық сақтау, өнеркәсіптік өндіріс, энергетика, сауда, қаржы секторы, телекоммуникациялар, құрылыс, халық тұтынатын тауарлар.

Жосықсыз бәсекелестіктен заңды қорғану амалдарын ұсынамыз. Жосықсыз бәсекелестік дегеніміз заңсыз тәсілдермен Сіздің тауарларыңыз бен қызметтеріңіздің нарықтағы сатылымына бөгет жасау. Бұндай тәсілдер бизнесіңізге қалпына келтірілмейтін зиян әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, Bolashak Consulting Group адал бәсекелестікті заңды түрде жүргізу үшін көмек бере алады. Бұл барлық қауіптер мен тәуекелдерді жою арқылы бизнесіңізді тәртіпке келтіріп, бәсекелестеріңізден озуға жол ашады.

Контракт құқығы


Контракт құқығын бизнес үшін ең негізгі азаматтық құқық саласы деп айтуға болады. Контракт – екі немесе одан көп тараптар арасындағы келісім. Заңды міндеттелген контракт ретінде тараптармен ерікті түрде жасасқан және заңға сәйкес орындалуға жататын келісім танылады. Контракт барлық демесек те, көпшіліктің күнделікті өмірінде көптеп кездеседі.

Жалға беру шарты, сату-сатып алу шарты, еңбек шарттары, қызмет көрсету шарттары, ипотека шарттары – осының барлығы Сізді арнайы қатынасқа түсіретін контрактілер болып табылады. Әрқайсымыз өмір бойы мыңдаған контрактілер жасаймыз және әртүрлі салалар осындай контрактілерді реттейді. Ең бастысы, осындай контрактілер жасасу кезінде тұлғалар өзіне белгілі бір құқықтар мен міндеттерді жүктейді. Бұл контрактілер бір-біріне ұқсамайды. Себебі, кез келген индустрияда әртүрлі құқықтар мен міндеттер болады, өнеркәсіптердің көлемдері де әртүрлі болады.

Егер Сіз құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз, бизнесіңіз қорғалғанын қаласаңыз, контрактінің жасалауына, оның мазмұнына мұқият мән берген жөн. Біз Сізге осы жұмыспен қатар, келіссөздерді жүргізуге көмек бере аламыз. Білікті командамыз Сіздің қажеттіліктеріңізді, мүддеңізді, тәуекелдеріңізді мұқият зерделеу арқылы заңды нормалармен сәйкестігін қадағалай отырып, кез келген контракт жобасын жасауға жәрдемдеседі. Тек қана сапалы заң көмегі Сізді контрактілерден туындайтын зиянды салдардан қорғайды.

Литигация


Литигация дегеніміз соттарда мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін заң көмегі. Даулар мен өзара наразылықтар әртүрлі тараптар арасында, заңды да, жеке де тұлғалар арасында туындайды. Осындай кезеңде соттағы литигацияны жоғары кәсіби деңгейде жүргізу өте маңызды. Бұл үшін мықты аргументация беру, дәлелдемелерді іздестіру, заң тілінде кәсіби сөз сөйлеу машықтары қажет.

Біз Сіздің ісіңіздің егжей-тегжейін мұқият зерттеп, мүмкін болатын қауіптер мен тәуекелдер бойынша консультация бере аламыз. Стратегия мен тактиканы ойластырып, Сіздің мүддеңізді қорғайтын ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге ат салысамыз. Егер Сіздің дауыңыз контрактілік міндеттерге, банктік, қаржы, коммерциялық, корпоративтік, инвестициялық мәселелерге, жылжымайтын мүлік және басқа да сұрақтарға қатысты болса, біздің команда мүдделер қақтығысы және құпиялылық принципін сақтай отырып, шешімді артық шығынсыз табуға көмектеседі.

Егер Сіздің дауыңыз қазақстандық сотпен қаралуға жататын болса, Bolashak Consulting Group қажетті құжаттарды, талап-арызды, дәлелді және мықты аргументацияланған қорғанысты дайындауды, басқаша айтқанда, толық қорғаушы және соттағы өкіл қызметін ұсынады.

Зияткерлік меншік құқығы


Зияткерлік меншік идея мен өнертабысты, заттық және сезілмейтін концепцияны иелену және оларға қолжетімділік мәселелерін қамтиды. Заманауи бәсекелестік нарықта зияткерлік меншік құқығы бизнестің ажырамас бөлігі болып қалыптасып кетті. Оны мойындамау бизнесіңізге зиян келтіруі мүмкін.

Егер Сізде зияткерлік меншік құқығымен қорғалатын өнім не материалды қолдануына, оның коммерциялық өміршеңдігіне, маркетинг тетіктері мен таратылуына, бұзушылықтар мен қайталануына, меншік құқығын беруіне, қолдану құқығына байланысты сұрақтар туындаса, біз Сізге сапалы консультация беруге дайынбыз. Сонымен қатар, егер Сіз патентті, тауар белгісін немесе авторлық құқықты алғыңыз келсе, біздің команда Сіздің идеяңызды, өнертабыс нәтижесін не өніміңізді заңды түрде тіркеп беруге жәрдемдесе алады.

Bolashak Consulting Group компаниясы зияткерлік меншікке қатысты кез келген дау мәселесі туындаған кезде, істі басынан аяғына дейін жүргізе отырып, Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғалуы үшін барлық жағдайды жасайды.

Корпоративтік құқық


Корпоративтік құқық бағытына кез келген корпоративтік мәселе жатқызылады. Ол компания инкорпорациясынан бастап (заңды тұлғаны тіркеу), директорлар мен акционерлердің (құрылтайшылардың) құқықтары мен міндеттерін, бірлестіктерге, басқарушы мүшелердің жиналысына, қоғамдық листинг және делистингке қатысты мәселелерді қамтиды. Әр корпоративтік мәміленің индустрияға, компанияның көлеміне және басқа мәселелерге байланысты өзінше ерекшелігі болады.

Біз Сізге қосылу мен жұтылу кезіндегі, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты, және де Сіздің компанияңыздың қор биржасына қосылуы бойынша заң қызметін көрсете аламыз. Біз келіссөздер жүргізе аламыз, бухгалтерлерге, қаржы консультанттарына, басшыларға немесе уәкілетті органдарға қажетті барлық құжаттарды дайындап бере аламыз. Сонымен қатар, банктер мен жеке инвесторлардан қаржыландыруды алу кезінде құқықтық сүйемелдеуді ұсынамыз. Кез келген есеп беру құжаттарын дайындау кезінде көмек көрсете аламыз.

Біз Сіздің қызметіңіздің толық құқықтық аудитін өткізе аламыз. Legal Due Diligence жүргізу нәтижесінде Сіз сатылмақшы компания туралы барлық сенімді ақпараттық ала аласыз.

Жер қойнауын пайдалану құқығы


Жер қойнауының байлығы Қазақстан экономикасы үшін шүбәсіз ең маңызды сала болып табылады. Бұл салаға көптеген кәсіпкерлер инвестиция құйып немесе басқалай осы саламен жұмыс жасап келеді.

Қазақстан үшін стратегиялық маңызын ескере отырып, инвесторлардың жұмысы әр уақытта мемлекет тарапынан бақылауда болатыны естен шығармаған жөн. Ол контрактілердің орындалуымен қатар, заңнаманың әр нормасының сақталуымен сипатталады.

Соған байланысты туындаған қажеттіліктерді Bolashak Consulting Group заңгерлері толығымен қанағаттандыра алады. Біз клиенттерімізге жаңа жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекске сәйкес жер қойнауы саласындағы кез келген мәселе бойынша құқықтық консультацияны қамтамасыз ете аламыз. Біздің командамыз лицензия негізіндегі, не контракт негізіндегі жер пайдаланудың кез келген сатысында заң көмегін көрсете алады.

Жер пайдалану бойынша жұмысты жүргізіп жатқан кезде, Сіз мемлекеттік органдармен немесе жеке контрагенттермен келіспей қалуыңыз мүмкін. Біздің компаниямыз сондай келіспеушіліктерден туындау мүмкін тәуекелдер мен қауіптер салдарын жою үшін заң көмегін көрсете алады.

Жылжымайтын мүлік


Аталған бағыт клиенттерге жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттерді тиімді басқару бойынша заң көмегін көрсетумен айқындалады. Біздің командамыз жер мен ғимараттардың экономикалық потенциалын сауатты жүзеге асыру үшін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ете алады.

Біз жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін әртүрлі мәмілелер бойынша құқықтық консультацияны бере аламыз. Bolashak Consulting Group көрсететін заң көмегі Сізді үй, пәтер, коммерциялық жайлармен байланысты мүмкін болатын қауіптерден қорғануға көмектеседі.

Жалға берушінің мүддесіне жұмыс кезінде, біз контрактілерді жасасу барысында құқықтық тәуекелдерді азайту бойынша қызмет көрсетеміз.

Жылжымайтын мүлікке жеке меншікті тіркеу, кепілге салу, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы құқықтық жәйттар барлық тараптардың тікелей немесе жанама әсер ететін құқықтары мен міндеттерін мұқият анализден өткізуді қажет етеді. Бұндай анализді тек қана білікті заңгерлер жүзеге асыра алады.

Bolashak Consulting Group командасы дәл осындай жылжымайтын мүлікке қатысты сапалы қызметті көрсетуге дайын.

Арбитраж


Егер Сіз арбитраж саласындағы заңгерді іздеп жүрсеңіз, Сіз арбитраждың дауларды шешудің альтернативті жолы екенін білесіз.

Біздің командамыз расымен де арбитражға бару керек пе, әлде мәселені сотта шешуге болады ма деген сұрақтардың ара-жігін ажыратуға көмектесе алады. Сіздің арбитраждық келісіміңізді мұқият анализден өткізіп, арбитраждық даудың перспективаларын бағалап бере аламыз. Арбитраждық рәсімдерді бастау керек болса, немесе арбитраждық іс қозғалған талап-арыздар бойынша қорғану керек болса, Bolashak Consulting Group заңгерлері Сіздің құқықтарыңыз қорғалу үшін барлық амалдарды жасайды.

Егер Сіздің бизнесіңіз халықаралық коммерциялық партнерлермен байланысты болса, арбитраж дауды шешу тәсілі ретінде ең қолайлысы болып табылады. Біз Сізге арбитраждық келісімнің дұрыс жасалуын қамтамасыз ете аламыз. Дұрыс жасалған арбитраждық келісім оның жарамсыздығына қатысты мәселелердің пайда болуының алдын алады.

Арбитраждық дау кезінде біздің заңгерлер мығым, сенімді және мықты аргументацияланған қорғаныс шебін қалыптастыра алады. Сіздің мүддеңізді қорғау үшін біз процесстің барлық сатыларында сүйемелдеуді жүзеге асырып, керек болған жағдайда шетелдік құқық мен прецеденттер тарихын зерттей аламыз.

Шешім шыққаннан соң оны қажетті юрисдикцияда тану және орындау сұрақтары бойынша қызметтер көрсетіледі. Ал егер арбитраждық шешім Сізді қанағаттандырмаса, онда біздің командамыз Сіздің мүддеңізді қорғау үшін сондай шешімнің орындалуын болдырмау бойынша заң көмегін көрсете алады.

Көлік және логистика


Көлік және логистика саласы бойынша Bolashak Consulting Group келесідей қызметтерді ұсынады:
1. Жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын компанияларға толық құқықтық сүйемелдеу;
2. Тасымалдау контрактілерін құқықтық анализден өткізу;
3. Заңнамадағы жаңа өзгерістерге сәйкес құқықтық консультация өткізу;
4. Шетелдік элементі бар халықаралық контрактілер бойынша құқықтық қамтамасыз ету;
5. Шетелдік партнерлермен келіссөздерге қатысу;
6. Мемлекеттік органдармен жұмыс.
Сонымен қатар, есептер мен презентацияларды дайындау, көлік саласын дамытуға бағытталған құқықтық актілердің жобаларын дайындау немесе оларға өз ұсыныстарын беру бойынша заң көмегін беру қызметі жүзеге асырылады.

Құрылыс


Үлкен-кіші қалаларда әрдайым құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты құрылыс процесстерін реттеу және бірқалыпты құқықтық сүйемелдеу қажеттілігі туындайды. Құрылысқа жол, ауруханалар, қоғамдық мекемелер, тұрғын үйлер сияқты инфрақұрылымдық жобалар және мұнай-газды өндіру және гидроэлектростанцияларды салу сияқты салалық жобалар жатқызылады. Әр жоба бойынша заң көмегі қажет.

Біз Сізге жылжымайтын мүлік компанияларымен, жер иеленушілермен, құрылысшылармен, архитекторлармен, инженерлермен, мердігерлермен және субмердігерлермен келіссөздер жүргізу және контракт жасасу бойынша заң көмегін көрсетуге дайынбыз.

Біздің көмегімізбен Сіз құрылысты бастауға барлық құжаттарды дұрыс жинақтап, жұмысқа кірісе алатындай боласыз. Жергілікті басқару органдарынан қажетті рұқсат қағаздарын алуға жәрдемдесеміз. Құрылыс жұмыстары кезінде туындау мүмкін кез келген құқықтық мәселелер бойынша да бізге жүгінуіңізге болады. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс объектісін барлық рәсімдерден өткізу біраз уақыт пен құқықтық білікті талап етеді. Bolashak Consulting Group командасы Сізге сол сияқты кез келген тіркеу және салық рәсімдерінде құқықтық көмекті көрсете алады.

Құрылыс мәселелері бойынша дау туындаған жағдайда, біздің білікті заңгерлер Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз литигация амалымен қазақстандық және шетелдік соттарда, қажет болған жағдайда шетел құқығын қолданумен қиындатылған арбитраждарда қорғай алады.

Халықаралық құқық


Bolashak Consulting Group компаниясы үшін халықаралық құқық біздің заңгерлеріміз бен ғылыми консультанттарымыз белсенді жұмыс істейтін құқық саласы болып табылады. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық саласындағы білім мен тәжірибе еларалық қатынастардың дамуы мен халықаралық ұйымдардың жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Соған байланысты біздің заңгерлердің ой-өрісі тек қана жергілікті заңнамамен шектелмейді. Біз клиенттеріміздің идеялары халықаралық деңгейде жүзеге асырылуы үшін мүмкіндіктерді іздестіреміз.

Транзакциялық заңгерлеу


Bolashak Consulting Group заңгерлері транзакциялық заңгерлеу қызметін көрсетеді.

Кез келген мәміледе (мысалы, активтерді сату не сатып алу) әр тарап осы мәмілеге қолданылатын заңнамаға сәйкес құқықтар мен міндеттерге ие болады. Одан бөлек тараптар қосымша құқықтар мен міндеттерге келісуі мүмкін. Осы құқықтар мен міндеттердің толықтылығы мен өзектілігін қамтамасыз ету және бір тараптың мүддесін ескеру білікті заң көмегінсіз мүмкін емес. Осы жұмыс транзакциялық заңгерлеу деп аталады. Ағылшын тілінде transactional lawyering деп айтылады.

Транзакциялық заңгерлеу классикалық мәміле жасасуды сүйемелдеуден жан-жақтылығымен, құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, құқықтар мен мүдделерді сотта қорғау және өкілдік ету қызметтерін қоса алғанда кең заң қызметі түрлерін қамтуымен сипатталады. Бұл клиентке құқықтық ситуациядан максималды пайда табуға мүмкіндік береді.

Рұқсаттар мен лицензиялар


Қазақстанда рұқсаттар мен лицензиялар Сіздің қызметіңіз бен әрекетіңіздің қауіптілігіне байланысты үш түрлі категорияларға бөлінген:
1) бірінші санаттағы рұқсаттар – жоғары деңгейлі қауіптілікке байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін лицензиялар;
2) екінші санаттағы рұқсаттар – лицензиялар болып танылмайтын, орта деңгейлі қауіптілікке байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін барлық рұқсаттар;
3) хабарламалар төмен деңгейлі қауіптілікке байланысты, бірақ мемлекеттік органдардың осындай қызмет түрлерінің немесе әрекеттердің басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы ақпарат алуын талап ететін қызмет түрлеріне немесе әрекеттерге қатысты енгізіледі.

Сізге рұқсат немесе лицензия керек пе, әлді мемлекеттік органға хабарлама жіберсе жеткілікті ме деген сұраққа жауап табу үшін, Сіздің қызметіңіз не әрекетіңіз қандай категорияға жататын анықтап алу керек. Bolashak Consulting Group командасы бұл мәселенің аражігін ажыратып, қажетті рұқсат қағазын алғанға дейін құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Бұдан басқа, лицензияны ұзарту немесе одан айыру мәселелері бойынша консультация берір, кез келген зиянды салдарға дайын болу үшін жағдай жасай алады.

Технологиялар


Егер Сіздің жұмысыңыз ақпараттық технологиялар, қозғалтқыштар, технологиялық шешімдер немесе басқа да технологиялармен байланысты болса, және сол жұмыс барысында мемлекеттік органдар мен жеке тараптармен арасындағы қарым-қатынас кезіндегі құқықтарыңыздың қорғалуы қажет болса, Bolashak Consulting Group жоғары сапалы заң қызметін көрсете отырып, Сіздің қорғалуыңыз бен дамуыңыз үшін барлық қолайлы құқықтық жағдайды жасай алады.

Технологиялар көптеген құқықтық сұрақтар туындататын зияткерлік меншікпен, интеллектуалды жетістіктердің коммерциялизациясымен тығыз байланысты. Бұл сұрақтарға өз басымен жауаптар іздеу тек қана сәтсіздікке емес, үлкен зиянға ұшырату мүмкін. Егер уақытында заңгерге жүгінбесеңіз, Сіз өз уақытыңыз бен ресурстарыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Біздің компанияға хабарлассаңыз, Сіз теке қана білікті құқықтық ақпарат алып қоймай, транзакциялық, корпоративтік және еңбек қатынастары деңгейінде кез келген технологиямен байланысты өз құқықтарыңызды қорғай алуға мүмкіндігіңіз туады.

Мемлекеттік сатып алулар


Мемлекеттік сатып алулар Қазақстанның көптеген кәсіпкерлері үшін тауарлар мен қызметтерді сатудың негізгі нарығы болып қалыптасып кетті. Бұл саладағы заңнама әруақытта өзгеріп тұрады және ақпараттық порталдар да сондай жылдамдықпен жаңарып тұрады. Бұндай жағдайларда кәсіпкерлер тұрақты құқықтық сүйемелдеуді қажет етеді.

Біздің командамыз өтінімді беруден бастап мемлекеттік сатып алулар туралы шартты орындау кезіндегі құқықтық ситуацияларға дейінгі барлық мәселелер бойынша заң көмегін көрсете алады.

Мемлекеттік органдармен даулар туындаған кезде Bolashak Consulting Group мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіміне кіру тәуекелін азайту бойынша көмек бере алады.