КЛИЕНТКЕ ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚ – CLIENT CARE

Қазақстандық заң қызметінің нарығы түсініксіз және болжауға келмейтін болып қалыптасқаны көпшілікке белгілі. Бұндай ортада Bolashak Consulting Group өзін кәсіпқой заңгерлердің командасы ретінде позициялап, негізгі назардың ортасына клиентті алады. Клиенттеріміздің сенімі – біздің басты приоритетіміз!

Әлемнің барлық дерлік үкіметтерінің, трансшекаралық ұйымдардың және ауқатты адамдардың сеніміне ие болған ағылшындық заңгерлер әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие. Бұл сұраныстың көп себептерінің бірі – ол солиситорлар жұмысының 10 принципі.

Бұл принциптер жұмыс істеген кезде клиентке деген қамқорлық тұрғысынан жоғары сапалы қызмет қалыптасады.

Соған орай, Bolashak Consulting Group осы 10 принципті енгізуге бел буды.

1 Қағида

Заң үстемдігі мен әділ соттылықты жүзесе асыруды сақтау.

2 Қағида

Адал жұмыс істеу.

3 Қағида

Тәуелсіз заң қызметінің беделін түсіруді болдырмау.

4 Қағида

Әр клиенттің ең жақсы мүддесі үшін жұмыс істеу.

5 Қағида

Клиентке лайықты стандарт бойынша қызмет көрсету.

6 Қағида

Қоғамның бізге деген және біздің қызметтерімізге деген сенімін арттыратын деңгейде өзімізді ұстау.

7 Қағида

Құқықтық және реттеушілік міндеттерімізді орындау және реттеуші органдар мен омбудсмандармен ашық, уақтылы және ынтымақтастық мәнерінде жұмыс істеу.

8 Қағида

Саналы қаржы мен риск менеджмент және лайықты корпоративті басқару принциптерін басты назарға ала отырып, бізнесімізді тиімді жүргізу.

9 Қағида

Тең мүмкіндіктерге жол ашатын және әртүрлілікті құрметтейтін мәнерде бизнесті жүргізу.

10 Қағида

Клиенттеріміздің ақшасы мен активтерін қорғау.