БІЗДІҢ КОМАНДА

Bolashak Consulting Group 2010 жылы негізі қаланған қазақстандық заң фирмасы болып табылады.

Сегіз жыл бойы біз үлкен, орта және шағын бизнеске, мемлекеттік корпорациялар мен жеке инвесторларға қазақстандық заңнама және халықаралық құқық бойынша құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп келеміз.

Bolashak Consulting Group

Біз халықаралық шарттар, ұлттық соттар мен халықаралық арбитраждарда мүдделерді қорғау, коммерциялық контрактілердің сараптамасы және тағы да басқа бағыттар бойынша мықты интеллектуалды капиталды жинақтадық.

Баймұрат С.

Сағидолла өзінің кәсіптік жолын Bolashak Consultіng Group компаниясында заңгердің көмекшісі болып бастады. Ол халықаралық арбитраж және коммерциялық литигация салаларын қоса алғанда, әртүрлі құқық салаларында сәтті жұмыс атқарған. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектормен жұмыс тәжірибесі бар. Сонымен қатар, компания клиенттерінің мүддесін Қазақстан соттарында және шетелдік соттарда қорғау бойынша көп жұмыс істеген білікті заңгер.

Көптеген зерттеу жұмыстарына қатысу, сондай-ақ жеке сектормен жұмыс істеу арқасында, Сағидолла зерттеу дағдысын заңгерлік көмек дағдысымен ұштастырып, сапалы заң көмегін көрсетіп келеді. Бұл оған клиент жүгінген кезден бастап барлық қауіптер мен тәуекелдерді бірден анықтауға мүмкіндік береді.

Бірнеше жарияланымдары бар.

Сағидолла Баймұрат 2018 жылдың 1 наурызынан бастап компанияның Директоры болып тағайындалды.

Негізгі құқық салалары:

Білімі:

  • London School of Economics and Political Science, LLM, 2017
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Құқық ғылымдарының магистрі, 2015
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Құқық бакалавры, 2013

Байсақалова М.

Мадина өз кәсіби жолын Bolashak Consulting Group компаниясында заңгер-сарапшы ретінде бастады. Ол халықаралық шарттардың ғылыми-құқықтық сараптамасы, халықаралық арбитраж аясындағы жұмыстарды қоса алғанда компанияның барлық жобаларына қатысып, сәтті еңбек атқарып келеді.

Оның тәжірибесінде арбитраждық дауларды шешу және ҚР ҰКП Арбитраждық орталығында Жауапты хатшы ретінде арбитраждық мекеменің жұмысын жүргізу бойынша міндетін атқаруы бар.

Мадина “МЖС Қазақстандық орталығы” акционерлік қоғамында құқықтық мәселелер бойынша жобаларды басқарушы міндетін атқару арқылы мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобалар бойынша жақсы тәжірибе жинақтады. Заң жобаларын және олардың тұжырымдамаларын дайындауға, сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігімен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасайды.

Негізгі құқық салалары:

Білімі:

  • University of Aberdeen, LLM, 2016
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Құқық ғылымдарының магистрі, 2014
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Құқық бакалавры, 2011

Есқалиев Р.

Ринат біздің компаниямыздың заңгері және ғылыми қызметін қоса атқарады. Компаниядағы аз уақыт ішінде Ринат өзін клиенттерге консультация бере алатын және сапалы заң қызметін көрсете алатын заңгер болып қалыптасты.

Әр түрлі заңшығармашылық және зерттеу жұмыстарына қатысу арқылы, Ринат Қазақстан заңнамасы бойынша кез келген бағдарды тез таба алатындай деңгейге жетті. Сол арқылы ол кез келген құқықтық мәселелер бойынша сапалы және уақтылы қызметтер көрсете алады.

Негізгі құқық салалары:

Білімі

  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Құқық бакалавры, 2016

Нұрабай А.

Арайлым Bolashak Consulting Group компаниясында 2013 жылдан бері заңгер және ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеп келе жатыр. Оқудағы өте жақсы жетістіктері арқасында, Арайлым қысқа уақыт ішінде халықаралық коммерциялық және инвестициялық арбитраж саласында жоғары білікті заңгер болып қалыптасты.
Инвестицияларды қорғау және көтермелеу туралы халықаралық шарттарға ғылыми-құқықтық сараптама жасау бойынша тәжірибесі бар. Коммерциялық және арбитраждық даулардың перспективаларын бағалау бойынша сапалы құқықтық консультация жүргізеді.

Негізгі құқықтық салалары:

Білімі:

  • King’s College London, LLM, 2017
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Құқық ғылымдарының магистрі, 2015
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Құқық бакалавры, 2013