PROBONO–Өміріміздың бір бөлігі!

18.07.2018

Анонс

PROBONO–Өміріміздың бір бөлігі!

Отандық құқық саласының жаңалықтарының бірі болып табылатын Pro Bono жүйесін Bolashak Consulting Group компаниясының ұжымы жүйелі түрде қолданып, қолдап келеді.

Қазіргі таңда әр түрлі себептермен қиын жағдайларға тап болған көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қоғамның толыққанды мүшесі екендіктеріне қарамастан, кей-кездері өздерінің құқықтарын қорғауға негіз болатын қарапайым құқықтық ақпараттандыруға қол жеткізе алмай жатады. Әрбір адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру уақытылы орындалуы тиіс.

Астана қаласының тұрғыны Асия Сағындықова жоғарыда аталып өткен қоғамның әлсіз топтарының қатарына жатады. Екінші топтағы мүдектігіне қарамастан, Асия Сағындықова ұзақ жылдар бойы өндірістік қауіптілігі жоғары жерлерде қызмет атқарған. Асия Сағындықованың тарапынан біздің ұжымның заңгерлеріне еңбек заңнамасына, әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақы реформаларына қатысты сұрақтар қойылып, толық жауап берілді. Жоғарыда аталған құқықтық көмек біздің ұжымның заңгерлерінің тарапынан тегін көрсетіліп алдағы уақытта құқықтық мәселелер бойынша біздің ұжымға жүгінуіне болатындығы ескертілді.

Bolashak Consulting Group компаниясы қоғамның бақылауында болатын, қоғамдық мүддені басты назарда ұстайтын бизнес қалыптастыруда.

Алдағы уақытты біздің ұжымның қызметкерлері pro bono жүйесінің негізінде қоғамның барлық топтарына тегін құқықтық көмек көрсетуді жалғастырады.